2025 жылдың 10-желтоқсан күні «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының жоспарына сай Желтоқсан айы, «Бірлік және ынтымақ» құндылығы мен «Балалар кітапханасы» жобасының аясында 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында мектеп кітапханасында әдеби кеш өтті. Шараға кітапханашы Аймағамбетова А.К. мен 2 «Б» сынып оқушылары мен жетекшісі Гукасари Р.Ф. қамтылды. Шарада оқушылар өлең оқып, ән айтып, туған жер, Отан тақырыбында өлең оқыды.
Шараның мақсаты:
Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, Тәуелсіздік күнінің тарихи маңызын түсіндіру, қазақ әдебиетіне қызығушылықты дамыту және оқушылардың көркем оқу, шығармашылықпен өзін еркін таныта білу дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, жас ұрпақтың патриоттық сезімін нығайтып, ел тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
