Skip to content

2025 жылдың 11-желтоқсан күні «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының жоспарына…

2025 жылдың 11-желтоқсан күні «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының жоспарына сай Желтоқсан айы, «Бірлік және ынтымақ» құндылығы мен «Еңбегі адал -жас өрен» жобасы аясында «Мамандықтар әлемін ашамыз» тақырыбында Маңғыстау облыстық «Халық» қоры «Тәлімгер» жобасының аймақтық карьера және кәсіпкерлік дамыту әдістемелік орталығының профориентологы Талғатбекова Алтынай Азаматқызымен мектебіміздің 9-сынып оқушыларымен кездесу өтті. Шараға 53 оқушы қамтылды.
Кездесу барысында оқушыларға қазіргі еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар, болашақта маңызды болатын құзыреттер, кәсіптік бағытты дұрыс таңдаудың жолдары туралы ақпарат берілді. Спикер оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға көмектесетін түрлі әдістермен бөлісіп, мамандық таңдаудағы жауапкершілік пен саналы шешім қабылдаудың маңызын атап өтті.
Сонымен қатар, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кәсіби бағдар беру саласының маманынан нақты кеңестер алды. Шара жасөспірімдердің мамандықты саналы түрде таңдап, болашақ жоспарларын айқын қалыптастыруына ықпал етті.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *