Skip to content

«Оқу-әдістемелік орталығы» КММ, Ақтау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының 04.12.2025…

«Оқу-әдістемелік орталығы» КММ, Ақтау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының 04.12.2025 жылғы №1412-002/2647 хатына сәйкес, 2025 жылдың 11 желтоқсан күні «БІРТҰТАС ЕЛ – БІРТҰТАС ЖЕР» Отан қорғаушыларды тәрбиелеудің идеологиялық негізі тақырыбында оқушылармен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға Тәжік-Ауған соғысы ардагерлері қоғамы «Сардар» өкілдері — майор Кашаков Амангельды Жагафарович және капитан Ниязбеков Оразбек арнайы шақырылып, қатыстырылды.

Кездесу барысында қонақтар жауынгерлік жолдары, әскери борыштың маңызы, ерлік пен патриоттық құндылықтар туралы мағыналы әңгімелер жүргізді. Оқушылар ардагерлермен ашық сұхбат құрып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Шара «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес өткізілді және оқушылардың патриоттық ой-өрісін дамытуға бағытталды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *