2025-жылдың 3-ақпаны күні білім алушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен “Қаржылық қауіпсіздік” тақырыбында сынып сағаттар өтті. Сабаққа 1157 оқушы, 27 сынып жетекші, 2 ДТЖО қамтылды.
Міндеттер:
– Интернетті қауіпсіз пайдалану үшін «цифрлық гигиена», «кибербуллинг», «алаяқтық», «жарамсыз контент», «жеке деректер», «интернетке тәуелділік», «хакерлер», «фишинг», «вирус» терминдерінің мәнін түсіну;
– Күрделі және сенімді құпия сөздер жасау, әлеуметтік желілердегі жеке өмір қауіпсіздігін тексеру, күмәнді сілтемелерді, хаттар мен хабарламаларды анықтау, цифрлық қорғаныс құралдарын (антивирус, екі факторлы аутентификация) пайдалану.
Тәрбие мақсаттары:
– Цифрлық ортада өз әрекеттеріңізге жауапкершілікпен қарау, интернет пен әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Дамытушылық мақсат:
– Интернеттегі ақпараттың сенімділігін және басқа пайдаланушылардың әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалау, цифрлық қауіп-қатерлерді алдын алу үшін.