2025 жылдың 15-желтоқсан күні «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының жоспарына сай, Желтоқсан айының «Бірлік және ынтымақ» құндылығы аясында,16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай мектебіміздің 1-11 сынып оқушыларымен «Тұғыры биік – Тәуелсіздік» тақырыбында сынып сағаттар өтті. Шараға 1280 оқушы, 51 сынып жетекші қамтылды.
Сынып сағаттарының барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, ел тарихындағы маңызды кезеңдер мен ұлттық құндылықтардың маңызы түсіндірілді. Оқушылар тәуелсіз елдің азаматы болудың жауапкершілігі, бірлік пен ынтымақтың қоғам дамуына қосатын үлесі туралы ой бөлісті.
Шара барысында патриоттық бейнероликтер көрсетіліп, өлеңдер оқылып, пікірталас ұйымдастырылды. Сынып сағаттары оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттырып, елге деген мақтаныш пен азаматтық белсенділікті қалыптастыруға ықпал етті.







