Skip to content

6-желтоқсан күні қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ұлт мақтанышы Әбіш Кекілбаевтің…

6-желтоқсан күні қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ұлт мақтанышы Әбіш Кекілбаевтің туған күніне орай 9Б сынып оқушылары жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында оқушылар қаламгердің өмір жолына шолу жасап, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан зор үлесін талқылады.

Әбіш Кекілбаевтің шығармалары арқылы жастарға патриотизм, адамгершілік, рухани байлық сияқты құндылықтарды насихаттау мақсаты көзделді. Оқушылар оның еңбектеріндегі терең философиялық ойларды талдап, жазушының өмірлік ұстанымдары мен идеяларын қазіргі заманмен байланыстырып, пікір алмасты.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *