«Біртұтас тәрбие» республикалық жобасының жоспарына және "Зорлық-зомбылықтың алдын алу" республикалық науқанының жоспарына сай 2024 жылдың 25-қараша күні Амирсеит А.Қ. жетекшілік ететін 9Б сынып оқушылары Муравьева М. Мен Насиров Б. "ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ НӨМІРЛЕРІ ЖӘНЕ СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ" тақырыбында сынып сағатында өз ойларымен бөлісті. Шараға 28 оқушы, 1 мұғалім қамтылды.
Сабақ барысында оқушылар шұғыл қызметтерге қоңырау шалу ережелері туралы айтып, төтенше жағдайларда жылдам әрекет етудің маңыздылығын атап өтті. Олар 101, 102, 103 сияқты жедел қызмет нөмірлерінің қызметі мен олардың жауапкершілігі туралы баяндап, өмірде кездесетін түрлі қауіпті жағдайларда өздерін және өзгелерді қорғаудың жолдарын түсіндірді.
Сонымен қатар, сенім телефондарының рөлі ерекше атап өтілді. Муравьева М. мен Насиров Б. сенім телефондары арқылы балалар мен жасөспірімдер өз мәселелерін ашық айтып, көмек ала алатынын және бұл психологиялық қолдаудың маңызды құралы екенін атап өтті.
