«Біртұтас тәрбие» республикалық жобасының және «Даналық мектебі» жобасының жоспарына сай 2024 жылдың 22-қарашасы күні «Ата кәсіп – берекенің бастауы» тақырыбында мектебіміздің оқушыларының аталарының қатысуымен отырыс өтті. Шараға 5 ата, 12 оқушы, мектеп директоры, 2 ДТЖО, 1 мұғалім қамтылды.
Іс-шараның мақсаты – ата-бабамыздың дәстүрлі кәсіптері мен олардың бүгінгі қоғамдағы маңызын ұғыну, оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру және үлкендердің өмірлік тәжірибесін жастарға жеткізу болды.
Отырыс барысында аталар өздерінің өмір жолдары, дәстүрлі кәсіптердегі тәжірибелері мен табысқа жету жолдары туралы әңгімеледі. Әрқайсысы жас ұрпаққа адал еңбек пен жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.
Қорытындысында мектеп директоры мен шара ұйымдастырушылары қатысушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулердің оқушылардың рухани дамуына үлкен үлес қосатынын атап өтті.
