Іс-шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу, зиянды әдеттердің салдары туралы хабардар ету және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болды. Мәди Тоқанов Қайланбекұлы нашақорлықтың қоғамға тигізетін зияны мен оның алдын алу шаралары туралы терең ақпарат беріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Психолог Сәттурганова Айдана Ермекбайқызы жүргізген психологиялық тренинг барысында оқушылардың өзін-өзі тану, өз сезімдерін бақылау және жауапкершілік сезімдерін дамытуға арналған жаттығулар жасалды. Тренинг интерактивті форматта өтіп, оқушылар белсенді түрде қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Бұл тренинг жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау маңыздылығын терең түсінулеріне ықпал етті.
Іс-шара соңында оқушылар нашақорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын және зиянды заттардан аулақ болудың өмірлік құндылық екенін атап өтіп, салауатты өмір салтын насихаттауға шақырды. Мектеп әкімшілігі іс-шараға белсене қатысқан барлық мамандар мен оқушыларға алғысын білдірді.