«Біртұтас тәрбие» республикалық жобасының жоспарына сай «Оқуға құштар мектеп» жоспарына сай Рысқали С.С. жетекшілік ететін 2Ә сынып оқуышларымен Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасына барып, балалар әдебиетімен танысты. Шараға 17 оқушы, 1 сынып жетекші, 1 кітапханашы қамтылды.
Рысқали С.С. жетекшілік ететін 2Ә сынып оқушыларымен қалалық кітапханаға бару барысында балалар әдебиетінің танымал шығармаларымен танысып, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырды. Кітапхана қызметкерлері балаларға кітаптардың пайдасы туралы айтып, оқуға құмарлықты дамыту жолдарын көрсетті. Оқушыларға жас ерекшеліктеріне сай әдебиеттер ұсынылып, олар кітапханадан кітап алып оқуға мүмкіндік алды. Бұл шара «Оқуға құштар мектеп» жоспарына сай жүзеге асырылып, оқушылардың білімге құштарлығын оятуға бағытталды.
