Skip to content

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті биылғы жылы…

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті биылғы жылы Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясын қабылдағанына 35 жыл, ратификацияланғанына 30 жыл және Дүниежүзілік балалар күні жарияланғанына 70 жыл толуы қарсаңында «Қауіпсіз балалық шақ» ақпараттық науқаны 1-30 қараша аралығында жоспарланды.

Науқанның мақсаты:
БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенсиясының негізгі қағидаттары мен ережелері туралы қоғамның құқықтық хабардар болу деңгейін арттыру, ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды балалардың заңды мүдделерін қорғау мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметке тартуды жандандыру.
2024- жылдың 13-қараша күні құқық негіздері пәнінің мұғалімі «Балалық шақ қорғалуда» тақырыбында танымдық дәріс өткізді. Дәріске 9-сынып оқушылары қатысысты. Шараға 1 мұғалім, 1 ДТЖО және 27 оқушы қатысты.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *