Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті биылғы жылы Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясын қабылдағанына 35 жыл, ратификацияланғанына 30 жыл және Дүниежүзілік балалар күні жарияланғанына 70 жыл толуы қарсаңында «Қауіпсіз балалық шақ» ақпараттық науқаны 1-30 қараша аралығында жоспарланды.
Науқанның мақсаты:
БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенсиясының негізгі қағидаттары мен ережелері туралы қоғамның құқықтық хабардар болу деңгейін арттыру, ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды балалардың заңды мүдделерін қорғау мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметке тартуды жандандыру.
Іс-шаралар:
• “Бала құқығы — асыл қазына” сурет көрмесі
Науқан аясында мектепте оқушылар арасында «Бала құқығы — асыл қазына» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрме оқушылардың бала құқықтары туралы білімдерін арттыруға, олардың өз құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін дамытуға бағытталған. Көрмеге оқушылардың бала құқықтарын бейнелейтін түрлі шығармашылық жұмыстар қойылды. Әр сурет балалардың өз құқықтарына деген көзқарасын, сондай-ақ олардың әлемді қалай көретінін бейнеледі.
• Тақырыптық сынып сағаттары
Барлық сыныптарда бала құқықтары туралы ақпарат беру мақсатында «Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып жетекшілері оқушыларға бала құқықтарының маңыздылығын түсіндіріп, олардың күнделікті өмірде құқықтарын қалай қорғау керектігі туралы мағлұмат берді.
• Құқықтық сұхбаттар мен дөңгелек үстелдер
Ата-аналар мен педагогтар арасында бала құқықтары мен оларды қорғау мәселелеріне арналған құқықтық сұхбаттар және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар балалардың заңды мүдделерін қорғау туралы пікір алмасып, маңызды ақпараттармен бөлісті.
«Қауіпсіз балалық шақ» науқаны оқушылардың, ата-аналардың және қоғамның бала құқықтарына қатысты ақпараттандыру деңгейін арттыруға, сондай-ақ балалардың құқықтары мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға ықпал етті.