Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті биылғы жылы Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясын қабылдағанына 35 жыл, ратификацияланғанына 30 жыл және Дүниежүзілік балалар күні жарияланғанына 70 жыл толуы қарсаңында «Қауіпсіз балалық шақ» ақпараттық науқаны 1-30 қараша аралығында жоспарланды.
Науқанның мақсаты:
БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенсиясының негізгі қағидаттары мен ережелері туралы қоғамның құқықтық хабардар болу деңгейін арттыру, ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды балалардың заңды мүдделерін қорғау мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметке тартуды жандандыру.
Осы мақсатта мектебіміздің ата-аналарымен 4-5 қара күндері «Отбасы және бала тәрбиесі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. Жиналыста аталмыш тақырып бойынша ата-аналар менұстаздар тарапынан баланың бүгіні мен болашағын қауіпсіз, бақытты ету үшін жасалатын әрекеттер айтылды.