“Ұлттық ойын – ұлт қазынасы” айдары оқушылардың қоңырау кезіндегі уақытын тиімді өткізуге бағытталған. Бұл айдарда қазақтың ұлттық ойындары арқылы оқушылардың дене белсенділігін арттырып, рухани байлығын дамыту көзделеді.
Ұлттық ойындар – ұлтымыздың салт-дәстүрін, тарихын және құндылықтарын балаларға жеткізудің тиімді құралы. Әр қоңырау кезінде “Асық ату”, “Тоғызқұмалақ”, “Арқан тарту”, “Қол күрес”, “Алтыбақан” сияқты ұлттық ойындар ойнатылып, балалардың қызығушылығы арттырылады. Бұл ойындар оқушылардың ынтымақтастығын күшейтіп, ұлттық тәрбиені сіңіруге, командалық рухты қалыптастыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, қоңырау кезінде ойнау арқылы оқушылар шаршауын басып, сергек әрі белсенді болады.
Мұндай бастама ұлттық құндылықтарды сақтауға және оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосады.