Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы туралы айтты. Ол елімізде көктемнен бастап “Таза Қазақстан”жалпыұлттық экологиялық акциясы өтіп жатқанын еске салды.
Акцияның мақсаты-экологиялық мәдениетті қалыптастыру, “адал адам – адал еңбек – адал табыс” патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау.
Бұл, президент атап өткендей, “уақытша акция емес, бұл маңызды жоба жыл бойы жалғасуы тиіс”. Осы жоғарыда айтылғандарды ескере отырып «Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі» КММ-нің 6-сынып оқушылары 24-қазан күні сенбілік жұмысын жүргізді. Тоқсанның соңын қорытындылау және жаңа тоқсанға дайындау мақстатында жүргізілген жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
