«Біртұтас тәрбие» республикалық жобасының жоспарына сай 2024 жылдың 5-қыркүйегінде «Отбасы күнін» мерекелеу мақсатында мектеп медбикесі Аккулова Жансұлу бастауыш сынып оқушыларымен «Дені сау ұрпақ» тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Сабақта отбасы құндылығы, денсаулықтың маңызы, салауатты өмір салтын ұстанудың жолдары айтылды.
Шара мақсаты:
1. Оқушыларға отбасы құндылығын түсіндіру;
2. Денсаулық маңызын түсіндіру;
3. Білім алушылардың тәрбие мен тұтастығын арттыру.
