«Біртұтас тәрбие» республикалық жобасының жоспарына сай 2024 жылдың 4-қыркүйегінде «Отбасы күнін» мерекелеу мақсатында ДТЖО Амирсеит Ақгүл Қайратқызы 9,11-сынып оқушыларымен «Отбасын жоспарлау» тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Сабақта отбасы құндылығы, мемлекеттік өлшемдегі отбасының орны мен салмағы талқыланды.
Шара мақсаты:
1. Оқушыларға отбасы құндылығын түсіндіру;
2. Білім алушылардың тәрбие мен тұтастығын арттыру.