Мектебімізде жоспарға сай тамыз айының 28-і күні білім ордасының педагогикалық кеңес отырысы болып өтті.
Күн тәртібі
1. 2023-2024 оқу жылындағы 4-тоқсан бойынша оқу үлгерімі мен білім сапасының қорытындысы
Баяндамашы: Ильясова Н.Т.
2. 2024-2025 оқу жылына арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы
Баяндамашы: Жаксыбаева Л.А.
3. 2024-2025 оқу жылында ҚР орта білім беру ұйымдарында оқу тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы
Баяндамашы: Имангалиева Г.Б.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ильясова Н.Т. – 4-тоқсан бойынша оқу үлгерімі мен білім сапасының қорытындысымен таныстырды. Қорытынды бойынша оқушылардың 2-тоқсан мен 3-тоқсандағы оқу үлгерімдерін салыстыру кезінде, көрсеткіш әлдеқайда өскені белгілі болды.
Мемлекеттік даму бағдарламасын орындау мақсатында мектебімізде орташа оқитын оқушылармен жеке жұмыстар жасалып, мектепішілік бақылау жоспары бойынша әрдайым білім сапасы назарға алынып, мониторинг жасалуда.
Қаулы етті:
1. 2-тоқсан бойынша оқу үлгерімі мен білім сапасының қорытындысы баяндама қаперге алынсын.
2. Оқу сапасын арттыру мақсатында түрлі әдістемелер мен жоспарлар құрылып, сол бойынша тың жұмыстар жүргізілсін.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі екінші мәселе: 2024-2025 оқу жылына арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаксыбаева Л.А. сөз қозғады. Жаңа оқу жылындағы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының ерекшіліктері мен өткізілуі тиіс іс-шаралар аталып өтті.
Қаулы етті:
1. 2024-2025 оқу жылына арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы туралы баяндама қаперге алынсын.
2. Республикалық «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы мектебімізде жүзеге асырылсын.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша мектебіміздің директоры Имангалиева Г.Б. 2024-2025 оқу жылында ҚР орта білім беру ұйымдарында оқу тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы баяндады. Директор баяндамасында жаңа оқу жылының ерекшеліктерін атап өтті.
Қаулы етті:
1. 2024-2025 оқу жылында ҚР орта білім беру ұйымдарында оқу тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы баяндама қаперге алынсын.