2024 жылдың 23 мамырында жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында армия генералы С.Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған іс-шаралар негізінде мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Зайниев Б.Р. 5-7 сынып оқушыларына «С.Нұрмағамбетов – халық үшін туылған батыр» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтарға барлығы 78 оқушы жұмылдырылды.
Шара мақсаты:
1. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру;
2. Оқушыларды халық азаматын құрметтеуге, сыйлауға үйрету;
3. Генерал еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу болып табылады.
