2024 жылдың 4 мамырында мектебіміздің жылдық жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушыларының арасында мектебіміздің шахмат үйірмесінің мұғалімі Саркисов А.Н. ұйымдастыруымен шахматтан мектепішілік отбасылық турнир болып өтті. Турнирге барлығы 20 оқушы, 20 ата-ана жұмылдырылды.
Шара мақсаты:
1. Оқушылардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
2. Зияткерлік спорттың бір түрі болып саналатын шахмат ойынын дамыту және кеңінен насихаттау болып табылады.
