2024 жылдың 15 сәуір күні мектебіміздің жылдық жоспарына сәйкес эстетикалық пәндер апталығы бастау алды. Жылдық жоспарға сай 15 сәуір мен 19 сәуір аралығы эстетикалық пәндер апталығы болып жарияланды. Апталықта оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған түрлі эстетикалық шаралар мен көңілді үзілістер өткізу жоспарлануда.
Шара мақсаты:
1. Оқушылардың жеке басын, оның эмоционалдық сферасын дамыту,
2. Эстетикалық сезімдерін дамыту, адамгершілік ұстанымын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
