2024 жылдың 13 сәуірде мектебіміздің жылдық жоспарына сәйкес мектеп ауласын тазалау бойынша сенбілік өтті. Мектеп аумағын жинастырудың іс-шаралар жоспары жасалды, әр сыныпқа учаске бекітілді. Шараға мектеп педагогтары мен 1-8, 10 сынып оқушылары, барлығы 835 оқушы қатысты.
Шара мақсаты:
1. Оқушыларға экологиялық тәрбие бере отырып, қоршаған ортаны қорғауға баулу.
2. Оқушыларды қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру.
#тазақазақстан