Мектебіміздің жылдық жоспарына сәйкес 1-5сәуір аралығында болып өткен “Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры” атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығының жоспарына сәйкес 4 сәуір күні қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Айжан Тұрғанбаевнаның ұйымдастыруымен 11 сыныптар арасында “Мемлекеттік тіл – менің тілім” атты танымдық сабағы болып өтті. Шараға барлығы 25 оқушы қатысты.
Шара мақсаты:
1) Оқушылар арасында ана тілімізді құрметтеуге баулу;
2) Оқушылардың қазақ тілін оқуға құштарлықтарын арттыру.
