Мектебіміздің жылдық жоспарына сәйкес 1-5сәуір аралығында “Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры” атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы болып өтті.
Апталық жоспарына сәйкес мектебімізде 2 сәуір күні қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Умиралиева Д.Т., Мурумбаева Р.Ш. ұйымдастыруымен 5-сыныптар арасында “Тапқыр достар” атты сайыс болып өтті. Сайысқа барлығы 151 оқушы, 16 мұғалім қатысты.
Шара мақсаты:
1) Оқушылар арасында ана тілімізге құштарлық пен қызығушылықты арттыру;
2) Қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру.
