Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Оқуға құштар мектеп» жобасының жоспарына сай 2024 жылдың 23-ақпан күні қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Мұрымбаева Раушан Шагаловнаның ұйымдастыруымен және 7Г сынып оқушыларының қатысуымен Жұбан Молдағалиевтің шығармашылығына арналған әдеби «Жыр тудырған Жұбан» атты поэзиялық кеш өтті. Шарада 2 мұғалім, 31 оқушы қамтылды.
Мақсаты: Ж.Молдағалиев өмірі, шығармашылығымен танысу. Ақиық ақынның «Мен қазақпын» поэмасына талдау жасау. Ж.Молдағалиевтің қалам өнеріндегі асқан дарынын, шеберлігін таныту, ақынның шығармашылығына сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылардың поэзия туралы түсініктерін дамыту.
Дамытушылық мақсаты: шығарманы жан-жақты талдау арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын байыту, ізденіс-шығармашылық дағдыларын дамыту, тіл мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды елін, жерін сүюге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімге баулу, халқын қастерлеуге, патриоттыққа тәрбиелеу.
