2024 жылдың ақпан айының 16- күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарына сәйкес мектебімізде «Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін және цифрлық сауаттылығын қамтамасыз ету. Кибербуллинг туралы ескерту» тақырыбында шара болып өтті. Шараға мектебіміздің 6-сынып оқушылары, барлығы 107 оқушы қатысты.
Шара мақсаты:
1) Оқушыларды «кибербуллинг» ұғымымен таныстыру;
2) Әлеуметтік желілердегі қауіпті болдырмауға көмектесу,
3) Интернеттегі қылмыстың алдын алу.
