2024 жылдың 14 ақпаны күні «Өрт кезінде және сейсмикалық жағдайда оқушылар мен қызметкерлердің іс-әрекеті» тақырыбында АӘД пәні мұғалімі Калимуллин А.Н. басқаруымен мектеп қабырғасында оқу- жаттығуы өтті. Шараға бастауыш сынып және 5,6 сынып оқушылары қатысып, 447 оқушы қамтылды.
Шара мақсаты:
1. Оқушыларды апатты жағдайдағы іс-әрекет тізбегімен таныстыру;
2. Жазатайым оқиғалардың алдын алу болып табылады.
