ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Ата-аналарды қолдау орталығы» жобасының «Даналық мектебі» бағытының «Аға қамқорлығы» секциясының жоспарына сай 2023 жылдың қараша айында «Ағасы бардың жағасы бар, Ер жігітке жарасар салауатты бейнесі» тақырыптарында дөңгелек үстел кездесуі өтті өтті. Шараға Көшербаева Г.А. жетекшілік ететін 3Ә,
4Ә сынып оқушылары және сыныптағы оқушылардың ағалары қатысты. Шараға 20 оқушы, 1 мұғалім, 2 аға қамтылды. «Даналық мектебі» клубы қызметінің мақсаты – аға буынның педагогикалық әлеуетін өзектендіру арқылы ата-аналардың позитивті мәдениетін дамытуға жәрдемдесу.
Іні мен қарындасы ағасына қарап бой түзейді, қиналғанда ағасын арқа тұтады. Сондықтан да «Ағасы бардың жағасы бар», «Ағаның үйі ақ жайлау» деп арқаны кеңге салып жүреді. Өз кезегінде аға да іні-қарындастарының қуанышына ортақтасып, жығылғанда демейді. Ал іні ағаның артынан ерген із. Бауырым деп бағалайтын қазынасы. Қазақ халқында аға мен іні арасындағы қарым-қатынас – ең ізгі, берік туыстық қатынас.
АҚШ пен Канада педагогикасында Link-Crew (байланыс тобы) жүйесі жұмыс істейді. Ол үшін көшбасшылық қабілеті бар, позитивті, мейірімді ең белсенді оқушылар таңдалады. Олардың ішінен кіші балаларға қамқорлық жасайтын команда құрылады. Әр басшыға бір-екі жас кіші 3-5 көмекші келеді. Көшбасшылар күніне кемінде бір рет өз қамқорлығындағы балаларға барып, жағдайын біледі. Орта мектеп оқушылары жақсы бейімделгендіктен, олар кіші балаларға нақты көмек пен қолдау көрсете алады. Күрделі жағдайлар туындай қалса, топты басқаратын психологқа жүгінеді. Американдық сарапшылар балалардың осындай командаға қатысуға қызығушылық танытатынын атап өткен.
Жалпы шетелдік тәжірибе демесек, қамқорлық мәселесі біздің халқымыз үшін де, мектептеріміз үшін де үлкен жаңалық емес.
Шара міндеті:
• аға буынның бастамашыл және ресурстық өкілдерін позитивті ата-ана мәдениетін дамыту жөніндегі жұмысқа тарту;
• ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді білім берудің негізгі өзегіне айналдыруға жәрдемдесу;
• өскелең ұрпақты тәрбиелеуде халықтың ұлттық құндылықтары мен педагогикалық дәстүрлерін қолданудың оң тәжірибесін таратуға ықпал ету.