Skip to content

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Ата-аналарды қолдау орталығы» жобасының…

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Ата-аналарды қолдау орталығы» жобасының «Даналық мектебі» бағытының «Әже даналығы» секциясының жоспарына сай 2023 жылдың желтоқсан айында «Әжелер сөзі – ақылдың көзі» тақырыбында даналық сағаты өтті. Шараға Юркина Н.М. жетекшілік ететін 1Б сынып оқушылары және сыныптағы оқушының әжесі Тамара Михайловна қатысты. Шараға 27 оқушы, 2 мұғалім қамтылды. «Даналық мектебі» клубы қызметінің мақсаты – аға буынның педагогикалық әлеуетін өзектендіру арқылы ата-аналардың позитивті мәдениетін дамытуға жәрдемдесу. Ертегінің бала тәрбиесінде, оның танымдық қасиетінің жан-жақты жетілуіне, сөздік қорын байытып, тілін дамытуда маңызды орын алатынын ұмытпаған абзал. Ұлы Абай «… қандай адам баласы болсын, ол кішкене күнінде ауыз әдебиетімен сусындаса, онда ол адам өз тілін, елін, жерін сүйеді» – деп текке айтпаса керек. Ертегі тек қазақ емес, әлем, әсіресе түркі жұртшылығында бағасы жоғары тәрбие құралы. Алайда оның бүгінгі бағасы биік деуге келмейді. Б. Момышұлының «Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын…» деген екен. Ендеше елге тұтқа болатын ұрпақ тәрбиелейміз десек, ертегі айтатын әжелердің көбеюіне назар аударуымыз керек

Шара міндеті:
• аға буынның бастамашыл және ресурстық өкілдерін позитивті ата-ана мәдениетін дамыту жөніндегі жұмысқа тарту;
• ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді білім берудің негізгі өзегіне айналдыруға жәрдемдесу;
• өскелең ұрпақты тәрбиелеуде халықтың ұлттық құндылықтары мен педагогикалық дәстүрлерін қолданудың оң тәжірибесін таратуға ықпал ету.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *