ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Ата-аналарды қолдау орталығы» жобасының «Даналық мектебі» бағытының «Әже даналығы» секциясының жоспарына сай 2024 жылдың қыркүйек айында «Әжемнің ертегісін тыңдаймын» ертегі тыңдау мақсатында ұйымдастырылған сыныптан тыс іс-шара өтті. Шараға Макарова Р.Ф. жетекшілік ететін 1А сынып оқушылары және сыныптағы оқушының әжесі Любовь Тимофеевна қатысты. Шараға 30 оқушы, 4 мұғалім қамтылды. «Даналық мектебі» клубы қызметінің мақсаты – аға буынның педагогикалық әлеуетін өзектендіру арқылы ата-аналардың позитивті мәдениетін дамытуға жәрдемдесу.
Шара міндеті:
• аға буынның бастамашыл және ресурстық өкілдерін позитивті ата-ана мәдениетін дамыту жөніндегі жұмысқа тарту;
• ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді білім берудің негізгі өзегіне айналдыруға жәрдемдесу;
• өскелең ұрпақты тәрбиелеуде халықтың ұлттық құндылықтары мен педагогикалық дәстүрлерін қолданудың оң тәжірибесін таратуға ықпал ету.