2023 жылдың 25 қаңтар күні «Досбоlike: достық қолыңды ұсын» акциясының жоспарына сай Бтмалиева С.Б. жетекшілік ететін 2В сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен «Құстар – біздің досымыз. Табиғатқа қамқорлық» тақырыбында еріктілік іс-шарасы өтті. Оқушылар ата-аналарымен құстарға қолдан ұя жасап, қанаттыларға жем шашты. Шараға 10 отбасы қатысты.
Шара мақсаты:
Шығармашылық ұжымдық шығармашылық негізінде мектеп ортасында жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру үшін жағдай жасау.
1. Шығармашылық өзара іс-қимыл жағдайында оқушылардың, педагогтардың және ата-аналардың ынтымақтастығына қажеттілікті қалыптастыруға жәрдемдесу.
2. Оқушылардың эмоционалды әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін шығармашылық ынтымақтастық негізінде позитивті қарым-қатынастың тиімді түрлері туралы қатысушылардың түсініктерін кеңейту.
3. Бірлескен іс-әрекеттегі қарым-қатынас тәжірибесі арқылы оң қарым-қатынас құру үшін белсенді мінез-құлық дағдыларын дамыту.
4. Оқушыларды табиғатқа қамқор, жанашыр болуға шақыру болып табылады.