Маңғыстау облысының білім басқармасы мен Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің бірлескен жоспарына сай 2024 жылдың қаңтар айында «2024 жылға арналған Маңғыстау облысының білім беру объектілерінде жаттығулар өткізу жоспарының» бөлінісі мектебіміздің І ауысымындағы 7-11 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Шараға 451 оқушы қамтылды.
Шара мақсаты:
Білім алушыларға төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмін үйрету болып табылады.
