2023 жылдың 22 қаңтар күні «Досбоlike: достық қолыңды ұсын» акциясының жоспарына сай 5-7 сынып оқушыларының арасында «Еріктілер» «Мен экология сақшысымын!» тақырыбында видео байқауы өтті. Байқауға 5-7 арасынан 14 видео ұсынылды. Шараға 14 сынып жетекші 78 оқушы және ата-аналар қамтылды.
Шара мақсаты мен міндеті:
Шығармашылық ұжымдық шығармашылық негізінде оқушылар арасында жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру үшін жағдай жасау.
1. Шығармашылық өзара іс-қимыл жағдайында оқушылардың, педагогтардың және ата-аналардың ынтымақтастығына қажеттілікті қалыптастыруға жәрдемдесу.
2. Оқушылардың эмоционалды әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін шығармашылық ынтымақтастық негізінде позитивті қарым-қатынастың тиімді түрлері туралы қатысушылардың түсініктерін кеңейту.
3. Бірлескен іс-әрекеттегі қарым-қатынас тәжірибесі арқылы оң қарым-қатынас құру үшін белсенді мінез-құлық дағдыларын дамыту болып табылады.