Санаулы күндерден кейін бір жылды артқа қалдырып, тағы бір жылдың табалдырығынан аттағалы тұрмыз. Жылды қорытындылайтын сәт те жеткендей.
Президентіміздің тапсырмаларын орындау шаралары Маңғыстау облысының әкімдігі мен Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп жасалған «Маңғыстау облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша аймақтық жол картасында» көрініс тапты.
Биыл облыста 41 жаңа білім беру ұйымы (ББҰ) ашылып, жалпы саны 617 болды.
Облыс бойынша 2 582 орындық 29 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашылды, жұмыс жасап тұрған балабақшалар қосымша 479 орынға кеңейтілді.
Биылғы жылдың жақсы жаңалығы – «Жайлы мектеп» жобасының бастау алуы. Үш ауысыммен жұмыс істейтін, апаттық мектептерді жою мақсатында атаулы жоба аясында 2023-2025 жылдарға 22 000 орындық 21 мектептің құрылысы жоспарланып, биыл соның 13-нің құрылысы басталды.
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 4800 орындық 4 мектептің, жер қойнауын пайдаланушы компания есебінен 1200 орындық мектептің құрылыстары жүруде. Сондай-ақ инвестор есебінен Маңғыстау ауданының Бекі ауылында 100 орындық мектеп құрылысы басталды. 11 жекеменшік мектеп ашылды.
Түпқараған ауданында 125 орындық қосымша құрылыс пайдалануға берілді.
150 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 20 мектепті жаңарту жұмыстары (ағымдағы жөндеу, модификациялық кабинеттер сатып алу, бейнебақылау камераларын орналастыру) жүргізілді.
«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 2 ауылдық мектеп материалдық жағынан күшейтілді.
59 мектепке 116 физика, химия, биология, STEM кабинеттері сатып алынды.
Президенттің тапсырмасы негізінде 1-4 сыныптар мен аз қамтылған отбасылардың 87 000 астам баласы 100 % ыстық тамақпен қамтылды.
Білім беру ұйымдары бейнебақылау камераларымен қамтылды, Полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылды.
Білім сапасын арттыру мақсатында облыс мектептеріне кешенді талдау және зерделеу жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жұмыстар басталды.
«Тәлімгерлік мектебі – педагогикалық шеберлік зертханасы», «Сапалы білім», «30 мектептің даму бағдарламаларын әзірлеу», серіктес мектеп, кәсіптік бағдарлау, әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу т.б. жобалары жалғасын тапты.
