2023 жылдың 15-желтоқсаны күні 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған іс-шаралар жоспарына сай мектебімізде өткізілетін іс-шаралар ауа-райының қолайсыздығына байланысты қашықтықта (онлайн) өткізіліп жатыр. Қазиева Ж.Ө. жетекшілік ететін 2Ә сынып оқушылары “Тәуелсіз елдің ұрпағымыз!” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Шара мақсаты:
оқушыларға бұл мерекенің маңызын түсіндіру;
Білім алушылардың бойында патриоттық сезімін қалыптастыру болып табылады.
