2023 жылдың 15-желтоқсаны күні 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған іс-шаралар жоспарына сай мектебімізде өткізілетін іс-шаралар ауа-райының қолайсыздығына байланысты қашықтықта (онлайн) өткізіліп жатыр. Осы орайда 4Ә сынып оқушысы Рысалы Нұрмұхаммед “Қайрат Рысқұлбековтің монологы” атты өлеңін “Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі” шарасына арнап оқыды.
Шара мақсаты:
Оқушыларға бұл мерекенің маңызын түсіндіру;
Білім алушылардың бойында патриоттық сезімін қалыптастыру болып табылады.