2023 жылдың 6-желтоқсан күні ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жылдық жоспарына сай «Әрбір бала жарық жұлдыз» тақырыбында мектебіміздің ата-аналарының қатысуымен жиналыс өтті. Жиналыста баланың ерік жігері мен мінезін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу, балаларға медиа қауіпсіздік қамтамасыз ету жөнінде кеңінен әңгіме қозғалды. Осы бағыт бойынша сынып жетекшілер мен мектеп психологтарынан трениг жұмыстары өткізілді.
Шара мақсаты:
Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды немесе заңды өкілдерді педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту болып табылады.
