30 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі – Бисенова Ақкүміс кітапханашы – Аймағамбетова Ақкенжемен бірлесе отырып, Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай 4 “В” сыныбына “Мен жастарға сенемін” атты танымдық сабақ өткізді. Сабақта балалар Мағжан Жұмабаевтың өмір жолымен және шығармашылығымен танысты. Сабақ барысында Шрамко Донат, Мустафаев Тимур, Расулова Мариям, Полыгалин Герман сияқты оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқып белсенділік танытты.
