2023 жылдың 30 қарашасында серіктестік мектептер желісі аясында «Мектеп оқушыларының өзін-өзі жүзеге асыруы: оқыту мен тәрбиелеу әдістері» тақырыбында, серіктес мектеп мұғалімдерімен тәжірибе алмасуы мақсатында мектепаралық семинар өтті.
Серіктестік мектептер желісі аясында «Мектеп оқушыларының өзін-өзі жүзеге асыруы: оқыту мен тәрбиелеу әдістері» облыстық семинарында 7 бағыт бойынша баяндама оқылып, сегіз зерттеу сабағы өткізілді. Семинар соңы әріптестердің кері байланысымен аяқталды.
