2023 жылдың 24,27- қарашасында "Театр және мектеп" жобасының жоспарына сай мектебімізде «Мультфильм стиліндегі эко.бал-2023» өтті. Шараға 5-8 сыныптар қатысты. Әр сыныпқа экологиялық мәселені қарастыратын тақырып пен әлемге әйгілі мультфильмдер берілді. Сол бойынша оқушылар видео түсіріп, өздерінің актерлік, шығармашылық өнерлерін ортаға салды.
5А,6А,7А,8А- мульфильм «Смешарики», экотақырып «Пластикалық ластану»;
5Б,6Б,7Б,8Б – мультфильм «Корпорация монстров», экотақырып «Біздің қала қоқыс астында»;
5В,6В,7В,8В – мультфильм – «Ледниковый период», экотақырып «Ауаның ластануы»;
5Г,6Г,7Г,8Г- мультфильм – «Я краснею», экотақырып «Каспидің тартылуы»;
5Д,6Д,8Д- мульфильм – «Кот в сапогах», экотақырып «Ақтау шөлдалаға айналуда».
Осы тақыптарды ашып, көзге түскен сыныптар
«Үздік режиссерлық жұмыс»;
«Үздік костюм»;
«Үздік видеоролик»;
«Үздік таныстырылым»
«Үздік сахналық көрініс» номинацияларымен марапатталды.
Шара мақсаты:
1. Оқушыларды экологиялық сауаттылыққа шақыру;
2. Қоршаған ортаны аялау;
3. Білім алушыларды шығармашылққа баулу болып табылады.
