Қазақстанда француз тілді мектептердің ашылуы білім саласына берері көп жаңашылдық. Ақтау қаласындағы “Н.Марабаев атындағы N7 мектеп-лицейі” КММ француз тілін бағдарламаға енгізіп бастаған оқу орны. Бүгінгі келісімнен күтеріміз көп, үйткені шет тілін білген баланың тілдік құзыреттілігі оның жалпы дамуына оң әсер етері сөзсіз.
Осы бағытта мектебіміздің математика пәні мұғалімі Петрова Нина Юрьевна мен Рустамова Любовь Константиновна қазан айында Франция елінің Виши қаласында тағылымдамадан өткен болатын. Алдағы уақытта оқушыларымыздың білімін дамытып, екі ел арасындағы келісім арқылы биік шыңдарды бағындыруға тигізер үлесі мол болады деп сенеміз.