2023 жылдың 24-тамызында "Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі" КММ-нде "Француз тілін оқытуға арналған екі тілді сыныптар: бүгінгі көрінісі, тәжірибе мен перспиктивасы" тақырыбында тамыз конференциясының секциялық отырысы өтті. Отырысқа әр өңірден келген 27 маман қатысты. Мектебіміздің француз тілі мұғалімі Л.А.Аскармахмудова "Маңғыстау облысы екі тілді оқыту жобасында" тақырыбында оқушысы В.Бойкомен баяндамасын таныстырды. "Математикалық сауаттылық және білім беру процесіне қатысушылардың тілдік құзыреттіліктерін дамыту" тақырыбьнда математика пәні мұғалімі Н.Ю.Петрова өз жұмысынан мысал келтірді. Ал мектебіміздің музыка пәні мұғалімі А.С.Айжариков "Шығармашылық арқылы француз тілін оқытудың тиімді әдістері" тақырыбында мастер-класс өткізді. Шара соңы қатысушылар мен ұйымдастырушылар арасындағы кері байланыспен аяқталды.
