«Балаларды қорғау күніне» орай 2023 жылдың 31 мамыр күні оқу жылын қорытындылау, үздіктер мен оқуда жетістікке жетке оқушыларды марапаттау мақсатында 1-11 сыныптар арасында мектепішілік жиналыстар өтті. Жиналыста жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары, жолда жүру ережелері, өрттен сақтану негіздері, суда өзін-өзі ұстау ережелері қатаң ескертілді.
Шара мақсаты:
1. Оқу жылына қорытынды жасау;
2. Келесі оқу жылына дайындыққа бағыт беру;
3. Үздік оқушылардың еңбегін ескеру;
4. Жазғы демалыста қауіпсіздікке сақ балуға шақыру болып табылады.
