2023 жылдың 23 мамырында мектебімізге ерте жүктіліктің алдын алу, жыныстық тиіспеушілік мәселелерін оқушы қыздарға түсіндіру мақсатында «Маңғыстау облыстық аналар кеңесінің» төрағасының орынбасары Белоножкина Оксана мен №1 емхананың окушер-гинекологы Балтабаева Құндыз Тоғайқызы келіп, дәрістерін, сұрақ-жауап айдарын өткізді.
Шара мақсаты:
1. Жасөспірім қыздардың бойына өзіне құрмет сезімін ояту;
2. Жыныстық тиіспеушіліктің мән-жайын түсіндіру;
3. Ерте жүктілікті болдырмауға амал жасау болып табылады.
