Skip to content

13.02.2023ж. мектебімізде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық…

13.02.2023ж. мектебімізде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды.

Олимпиада 15 пән бойынша өтеді.

13, 14 ақпан күндері олимпиада жаратылыстану-математикалық бағыттағы математика, физика, информатика, география, химия, биология пәндерінен өтуде.

Ал, 16-17 ақпан аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша, атап айтқанда, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс мектептеріндегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ мектептеріндегі орыс тілі, ағылшын тілі, француз тілі, неміс тілі, құқық негіздері, Қазақстан тарихы пәндері бойынша өтеді.

Олимпиаданың облыстық кезеңі екі турдан тұрады.

Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында олимпиада «El Umiti цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесінде веб-камера, фотофиксациямен прокторинг сервисін пайдала отырып, әр минут сайын суретке түсіру арқылы электрондық форматта өтеді.

Облыс бойынша олимпиадаға 635 оқушы қатысады.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *