09.12.2022ж ата-аналардың бастамасы бойынша мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасының ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өтті. Жәрмеңкеге 1-4,9-11- сынып оқушылары ат салысып, өз қолдарымен дайындаған тағамдары, қолөнер бұйымдарын ұсынды. Қайырымдылық жәрмеңкесінен 190 390тг түсті. Бұл қаражат мектебімізде жұмыс істейтін А. есімді әріптесіміздің онкологиялық диагнозы бар баласының емі мен жеке категория есебінде тұратын оқушыларымыздың жаңа жылдық сыйлығына жұмсалатын болады.
Барша оқушыларға, ата-аналарға үлкен алғыс білдіреміз.
11А сыныбының жетекшісі- Болотова С.В., 11Б сыныбының жетекшісі -Костылева О.Д., 9Г сыныбының жетекшісі- Мубаракова Б.М., 9Б сыныбының жетекшісі – Исмагилова А.Р. және барша ат салысқан сыныптардың жетекшілеріне алғысымыз шексіз!
