2022 жылғы18 қарашада "Н.Марабаев атындағы № 7 мектеп-лицейі" КММ-нің базасында әріптестік мектептер шеңберінде Алғашқы Әскери Дайындық бойынша сабақтарда іс-қимылды зерттеудің әдістері мен тәсілдерін зерделеу мақсатында.мектебіміздің 10, 11- сынып оқушыларының қатысуымен ашық сабақтар өткізілді.
Іс-шараға алғашқы әскери дайындық оқытушылары: А. Н. Калимулин – "Н.Марабаев атындағы № 7 мектеп-лицейі" КММ, Шуняев Д. – "№ 2 жалпы білім беретін мектеп" КММ, Нұрмағамбетов Ш. – "№ 6 жалпы білім беретін мектеп" КММ, Биюнов У. – "Мамандандырылған IT-лицей" КММ, сондай – ақ Наушин Б. З.-Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің оқу-әдістемелік орталығының әдіскері қатысты.
