«Бала құқығы-адам құқығы» онкүндік шеңберінде 11.11.2022ж мектеп инспекторы Бақытжан Аян, аға тәлімгер Идаев Жалғас, педагог-ұйымдастырушы Амирсеит Ақгүл 5 шағын ауданда орналасқан көңіл көтеру орталықтары мен компьютерлік ойын алаңдарына рейд жұмысын жүргізді. Алаң администраторларына заң ережесін түсіндіріп, мектеп оқушыларының мекеме ішінде жоқ екеніне көз жеткізіп қайтты. «Отбасындағы зорлық зомбылыққа жол жоқ», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» ,«Көше» атты рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Шара барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі үшін күндізгі және түнгі уақыттарда меншік нысандарына қарамастан – көлік жуу орындарында, саябақ, ойынханаларда, қоғамдық тамақтану орындарында заңсыз еңбекке тартылатын жасөспірімдерді тоқтату мақсатында, профилактикалық рейдтік түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
