«Бақытты балалық шақ» он күндігінің аясында «Адам болам десеңіз» атты тақырыпта Өтеп Жансұлу жетекшілік ететін 4Ә сынып оқушыларының ішінде сынып сағаты өтті. Сабақта Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өшпес мұралары- дана сөздерінің оқушылардың меңгергені, жаттап, өз ойларымен бөліскенін көре аламыз. Адам бойында болу керек бес қасиет пен бойын аулақ ұстау қажет 5 қасиеттің ара жігін ажыратып, баға берілді.
Шара мақсаты: Адамдық қаситтен алыстамау;
Оқушыларды Абайдың даналығынан хабардар ету;
Жақсылыққа шақыру болып табылады.
