Қазіргі замандағы техникалық, өндірістік дамудың пайдасын көреміз, алайда бұл бағыттың экология мен климатымызға кері әсерін тигізетінін жоққа шығара алмаймыз. Осы мәлелерді шешу ұшін БҰҰ-ның даму бағдарламасына кіретін "әлемді өзгертуе арналған 17 мақсат" жоспарланып, іске асырылуда. Соның бірі баршаға қымбат емес, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне жалпыға ортақ қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Ал, бұл мәселенің шешімі электр энергиясын 3 көзден: судан, күннен және желден өндіру есебінен болады. Мақсаттардың іске асырылуы Еуропалық Бірлестіктің қаржылай қолдауы, Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының ат салысуы және БҰҰ-ның қатысуымен жүзеге асырылуда. Өте ауқымды мәселені шешу үшін мектеп қабырғасынан оқушылардың хабардар болып, шешім табуға ынталы болуы үшін осы әлемдік тақырып Қазақстанның мектептерінде де қолға алынуда. Қазірдің өзінде электр көзін күн энергиясынан алу арықылы жұмыс істейтін мектептер бар және олар миллиондаған қаржыны үнемдуде. Міне, осындай ауқымды істі жүзеге асырып жүрген мамандар біздің мектебімізге келіп, оқушылармен өз жұмыстарының маңызын айтып үлкен қызығушылық тудырды. Өз тараптарынан мектепке құнды ақпараттар бар кітапшалардан тұратын сый ұсынды. Мектепке ұсынылған сый экологиялық мәселелерге ат салысқан мектеп оқушыларына бұйырады.
